Wave® Кәсіби стильдер сауалнамасымен танысып шығыңыз

Бұл бет сізге Кәсіби стильдер сауалнамасына жауап беру жолын түсінуге көмектесуге арналған. Бұл сауалнамада жұмыста өзіңізді қалай ұстайтыныңызға қатысты ақпарат беру сұралады. Зерттеу нәтижесінде Saville Assessment Wave® сауалнамалары жұмыстағы өнімділік пен жүріс-тұрыстың кең ауқымын болжай алатын қуатты құрал екені көрсетілген.

Кәсіби стильдер сауалнамасын тамамдау

Сауалнама әрбірінде алты мәлімдеме бар блоктардан тұрады, оларға 1 – ‘Мүлде келіспеймін’ мен 9 – ‘Әбден келісемін’ аралығындағы тоғыз ұпай шкаласында баға беруіңіз керек. Әрбір мәлімдемеге тиісті бағаны таңдау арқылы жауаптарыңызды енгізіңіз. Келесі блокқа өту үшін әрбір мәлімдемеге жауап беруіңіз керек.

Екі немесе одан да көп мәлімдемелерге бірдей баға бергенде, сізден қай мәлімдеме сізге ең көп ұқсайтынын және қайсысы ең аз ұқсайтынын көрсетуіңізді сұралуы мүмкін.

Кәсіби стильдер сауалнамасына жауап беру жолы

  • Бағалау шкаласы бойынша “Мүлде келіспеймін” және “Әбден келісемін” аралығындағы жауаптардың кең ауқымын қолдануға тырысыңыз.
  • Кейбір мәлімдеме белгілі бір істі қаншалықты жақсы істей алу туралы болса, ал кейбірі сіз ұнататын немесе артық көретін нәрселерге қатысты болады. Әр мәлімдемені мұқият оқып шығыңыз.
  • Барынша шын жауап беруге тырысыңыз. Дұрыс немесе қате жауап жоқ; жұмыстағы рөлдер әр түрлі болады және кез келген жұмысты тиімді атқарудың бірнеше жолы болады.
  • Жауаптарыңыздың бірізділігін тексеру үшін сауалнамаға тексерістер орнатылады. Жауаптарыңыз сізден алынған басқа ақпаратпен тексерілуі мүмкін.
  • Сауалнаманы тамамдаудан бұрын, өзіңіздің жұмыс істеу стиліңіз туралы ойланып, оны іштей талдап шығу пайдалы болуы мүмкін. Сондай-ақ жұмыс істеу стиліңізге байланысты басқа адамдардың айтқан пікірлерін қарастыру пайдалы болуы мүмкін.
  • Мүмкіндігінше жұмыс тұрғысынан жауап беруге тырысыңыз.
  • Сауалнаманы сізге ештеңе кедергі жасамайтын және сіз мұқият бола алатын кезде тамамдаған жөн.
  • Кез келген арнайы қажеттіліктеріңіз болса, олар туралы мүмкіндігінше ертерек хабарлауыңыз маңызды. Себебі оларды дайындауға уақыт қажет.